"Игра престолов" әлеміне негізделген "Завоевание Эйгона" фильмі 2029 жылғы 1 маусымда прокатқа шығады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Variety басылымының хабарлауынша, фэнтези франшизасының алғашқы толықметражды фильмі Таргариендер әулетінің Вестеросты жаулап алуы туралы болмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Warner Bros. кинокомпаниясы "Игра престолов" әлеміндегі алғашқы толықметражды фильмнің премьера күнін ресми түрде бекітті. "Завоевание Эйгона" (Aegon's Conquest) деп аталатын туынды әлемдік прокатқа 2029 жылғы 1 маусымда шығады. Жобаның сценариін бұған дейін "Карточный домик" (House of Cards) сериалында жұмыс істеген Бо Виллимон жазады, ал режиссерлік креслоға "Рыцарь Семи Королевств" спин-оффының эпизодтарын түсірген Оуэн Харрис жайғасады.
Фильмнің сюжеті Джордж Р. Р. Мартиннің шығармаларына негізделген және Эйгон Жаулаушы деген атпен танымал Эйгон I Таргариеннің тарихына арналған. Картина Эйгонның өз әйелдері әрі қарындастары Висенья және Рейниспен бірге, сондай-ақ үш айдаһардың көмегімен Жеті Корольдіктің алтауын қалай біріктіріп, ғасырлар бойы билік құрған әулеттің негізін қалағанын көрсетеді. Бұл жоба танымал HBO франшизасының үлкен экранға шыққан алғашқы туындысы болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2436995-igra-prestolov-alemine-negizdelgen-zavoevanie-eigona-filmi-2029-zhylgy-1-mausymda-prokatqa-shygady/