jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы концертте дуэт айтқан Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова көпшілікті сүйсіндірді (видео)

    Жанар Дұғалова пен Қайрат Нұртас
    Жанар Дұғалова пен Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

    "КешYOU" тобының бұрынғы солисі, әнші Жанар Дұғалова Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жанар Дұғалова Қайрат Нұртаспен дуэт айтқан сәттің кадрларын өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

    "Алматы, көп рақмет! Қайрат Нұртас 20 жыл сахнада! Шығармашылық кешің құтты болсын!" - деп жазды әртіс.

    Жанар сахнаға күміс түсті көйлекпен шықты. Ал желі қолданушылары әншілерге жылы лебіздерін жаудырды.

    "Жанар, өтінемін, жеке концертіңді беріңізші", "Жанар – аңыз әнші", "Дауысы құлаққа жағымды", "Дауысыңыз қайталанбас, ғажап", "Керемет дуэт", "Менің сүйікті әншім", "Жеке концертіңді күтеміз", "Жанар өзгермей ме, керісінше, одан сайын сұлулана түсіпті", "Дауысы от, шынымен өте талантты жан", - деп жазды желі қолданушылары.

    Алматыдағы концертте дуэт айтқан Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова көпшілікті сүйсіндірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram