Димаш Құдайберген Индонезияда жеке концертін береді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында биыл желтоқсанда Индонезияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайберген тыңдармандарына маңызды жаңалықты жеткізді – ол 12 желтоқсанда DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында Индонезияда жеке концерт береді.
Әнші Sentul International Convention Center сахнасында өнер көрсетеді.
"Индонезия, жақын арада кездескенше", - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.
Димаштың тыңдармандары бұл жаңалықты жылы қабылдап, оң пікірлерін жазды.
"Керемет жаңалық. Тағы біреулердің жолы болды", Димаш, Индонезияда жеке концертіңізді өткізгіңіз келгені үшін көп рақмет", Керемет, Димаш!", "Тамаша жаңалық!" Индонезиялық тыңдармандары үшін қуаныштымын! Димаш пен оның командасына ең ізгі тілектерімді жолдаймын", - деп жазды желі қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2442607-dimash-qudaibergen-indoneziiada-zheke-kontsertin-beredi/