Қырғыз тілінде амандасты: Шакираның Қырғызстандағы концерті қалай өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Бішкекте концерт берді – желіде "Бишкек Аренадағы" шоудан және оған дайындық барысынан кадрлар пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шакира Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше story жүктеді – онда колумбиялық әншінің қырғыздың ұлттық бас киімін киіп, шашын өріп шыққанын байқауға болады.
Оны куәгерлер репетиция кезінде байқап қалған, тиісті кадрлар жергілікті пабликтерде тарады.
Ал кешке түрлі елден келген көрермен шоуды тамашалады – бұл Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті болды. Ол Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында өтті.
Көрермен әлеуметтік желіде әншінің сахнада өнер көрсеткен сәттерін бөлісті.
Алдымен әнші көрерменмен қырғыз тілінде амандасып, кейін жанкүйеріне жүрекжарды сөзін арнады.
Артынша өзінің хиттерін орындады. Шакира шығармашылығының жанкүйері әншіні қошеметпен қарсы алып, онымен бірге ән айтып, биледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2444315-qyrgyz-tilinde-amandasty-shakiranyng-qyrgyzstandagy-kontserti-qalai-otti-foto-video/