Алтынбек Қоразбаев пен бір топ өнер қайраткері мемлекеттік наградаға ие болды
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Олардың ішінде мәдениет және өнер қайраткерлері де бар, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президент жарлығына сәйкес, "Отан" орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, "Музарт" тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған Алтынбек Қоразбаев марапатталды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді.
"Қазақстанның халық әртісі" атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды.
Мемлекет басшысы тағы қандай азаматтарды марапаттағанын сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2446856-altynbek-qorazbaev-pen-bir-top-oner-qairatkeri-memlekettik-nagradaga-ie-boldy/