"Бір күнде жазып шықтық": Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай авторлық туындысын ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы мен келіні – өнер иелері Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай тыңдармандарын музыкалық туындысымен қуантты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақерке Бүркітбай Instagram-дағы парақшасында видео жариялады. Кадрлардан жұлдызды жұптың әуезді әуенді бірге орындап жатқанын көруге болады.
"Әли екеуімізден сіздерге шағын шығармашылық туынды. Әзірге атауы жоқ, бұл композицияны бір күннің ішінде жазып шықтық. Тыңдап көріп, өз бағаларыңызды беріңіздер", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Әртістердің талантына тәнті болған желі қолданушылары жылы лебіздерін жазып, жаңа әуенге түрлі атау ұсынды.
"Өмір ғажап" немесе "Өмір сен ғажапсың" деген атау келді", "Әли жар таңдаудан жаңылыспаған", "Балалық шақ" деп атаңыздар", "Керемет шығарма, өте әдемісіңдер, таланты жанұя", "Керемет! Бұл композицияны "Бақыт" деп қояр едім", "Махаббат" болсын", - деп жазды желідегілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2453009-bir-kunning-ishinde-zhazyp-shyqtyq-ali-oqapov-pen-aqerke-burkitbai-avtorlyq-tuyndysyn-usyndy/