jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мексикалықтар Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды (видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/dimash.news

    Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Мексикадан видео жариялады. Әнші ол жаққа DIMENSIONS әлемдік туры аясында жеке концертін беру үшін барған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Мексика әуежайында өзін қалай жылы қарсы алғанын көрсетті. Тыңдармандары Қазақстаннан келген сүйікті әншісін гүлмен, плакаттармен және сыйлықтармен күтіп алған.

    Мануэль Крессенсио Рехон атындағы халықаралық әуежайда әншінің тыңдармандары музыкалық сәлемдеме дайындаған – аспаптық трио Мексиканың ұлы композиторларының әндерін орындады.

    "Сәлем, Мексика! Сәлем, Мерида! Ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін рақмет. Біз концерттерге дайындалып жатырмыз, бойымыз шабытқа толы", - деп жазды Димаш Құдайберген испан тілінде.

    Сондай-ақ әнші тыңдармандарын жақсы көретінін және олармен концертте жүздесуді асыға күтетінін жеткізді.

    "Қандай тамаша кездесу! Концертің жақсы өтсін, Димаш!", "Латын Америкасына қош келдің", "Сәттілік, махаббатым! Біз сені Чилиде күтеміз", "Сен ең үздіксің, келгенің үшін рақмет!" - деп жарыса жазды әншінің тыңдармандары.

    Айта кетейік, 11 қарашада Foro GNP Seguros аренасында Димаш жаңа DIMENSIONS турнесінің латынамерикалық бөлігін бастайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram