jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    38 жастағы Динара Сәтжан мінсіз мүсінімен елді тәнті етті (фото, видео)

    Динара Сәтжан Дубайда
    Фото: Instagram/dinarasatzhan

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің желідегі оқырмандарын ерекше фотоларымен қуантуды жалғастыруда. Бұған дейін купальниктегі бейнесін көрсеткен ақпарат өкілі бұл жолы ел назарына әдемі образдағы мінсіз мүсінін паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Динара Сәтжан әлем бойынша болып жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан бала-шағасымен Біріккен Араб Әмірліктеріне демалуға аттанған. Белгілі тележүргізуші отбасымен уақыт өткізіп жатса да, өз оқырмандарын көңілсіз қалдырмаған.

    Ол Instagram парақшасында демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, Дубайдан түрлі фотолар мен видеолармен бөлісуде.

    Бұған дейін 38 жастағы дизайнер купальниктегі мүсінімен барша ер азаматтарды естен таңдырса, енді көпшілікті ерекше образдағы фотосессиясымен қуантқан. Желіде жарияланған жаңа суреттерде тележүргізушінің әдемі әрі ұзын көйлекпен тұрғанын көруге болады.

    Желі қолданушылардың бар назары бірден Динара Сәтжанның талдырмаш дене сымбатына түскен. Олар бүгінде екі баланың анасы болып отырған ақпарат өкілінің мінсіз мүсінін сақтап қалғанына қатты таңғалуда.

    Олар дизайнердің жазбасының астына сан түрлі пікірлер қалдырып, өз жылы лебіздерін білдірген.

    "Отыздан асқан деп айту қиын. Он сегіз жастағы бойжеткен секілді" , "Динара дене сымбатыңызда мін жоқ" , "Екі баланың анасы деп айта алмаймын. Жап-жас қыз секілдісіз" , "Мәнсіз мүсінді ару" , "Қашан көрсең арық, бір толмайды осы кісі" , "Талдырмаш мүсініңіздің құпиясы неде? Бөлісіңізші" , - деп жазуда көпшілік.

    38 жастағы Динара Сәтжан мінсіз мүсінімен елді тәнті етті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.