jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Болливуд Қазақстанға келді: Үнділер Қазақстанда фильм түсіріп жатыр

    Түсірілім
    Фото: maruthi.photography / Instagram

    Болливуд жұлдыздары танымал "Гаалипата" фильмнің жалғасын түсіру үшін Қазақстанға келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Бұл туралы "үнді киносының ең романтикалық қаһарманын сомдаушы" ретінде елге танылған белді актер Дигант Манчале өз желі парақшасында жария етті.

    Ол парақшасында еліміздің көрікті жерлерін аралап жүрген сәтінен видео салған.

    Жергілікті indiatimes.com сайтының ақпаратына сенсек, үндістандық түсірілім тобы Қазақстанда "Гаалипата" (Gaalipata) фильмінің жалғасын түсіруде.

    Одан бөлек Үндістанда "алтын жұлдыз" лақап атымен танымал болған актер Ганеш те Қазақстанда фильм түсіріліп жатқанын айтып, желі парақшасында бөліскен. Ол түсірілім тобының көлікте отырған сәтін көрсеткен.

    Қазақстанның көркіне тамсанған желі қолданушылары актерлерден видео қай елде түсірілгенін сұрап, пікірлерін жаудыруда.

    Дегенмен "Гаалипата" фильмінің жартысы түсіріліп қойылғаны белгілі болып отыр. Фильмде басты рөлдерді Ганеш, Дигант пен Паван Кумар ойнайды. Фильм желісі бойынша кинода төрт басты кейіпкердің достығы көрсетіледі.

    Айта кетсек, "Гаалипата" - 2008 жылы түсірілген романтикалық комедия. Фильмнің бюджеті 70 миллион фунт стерлингті құраған.

    Көрермендердің жоғары бағасына ие болған фильм 56th Filmfare Awards South марапатында түрлі номинация бойынша жүлде алған.

    Болливуд Қазақстанға келді: Үнділер Қазақстанда фильм түсіріп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.