jitsu gif
Шоубиз

    "Өз көйлегімді кигіздім": Жазира Байырбекова ұзату тойдағы қызықты оқиғаны бөлісті

    Жазира Байырбекова
    Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова өзі қатысатын ұзату тойларға барынша дайындалып баратынын айтты. Өнер иесі бүгінде өз киімін қалыңдықтардың образына қарай таңдайтын болғанын жеткізді. Оған бір оқиға себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жазира Байырбекова ұзату тойдағы қызықты оқиғаны Instagram парақшасында баяндады.

    Өнер иесі өз киімі қалыңдықтың образынан жарқырап кетпеуін қатты қадағалайтынын айтты. Кезекті тойда әнші ұзатылатын ару үшін өз көйлегін ауыстыруға мәжбүр болған.

    Оған қоса эстрада жұлдызы қалыңдықтарға өз көйлегін кигізгенін жеткізді.

    "Қыз ұзатуға шақырғандар әдемі киініп келгенімді қалайды. Ал мен ұзатылатын қыздан менің киімім жарқырап кетсе ыңғайсызданып кетемін. Осыған дейін чемоданыма ерінбей екі киім салып жүріп, тым қарапайым киінген қызға өз көйлегімді кигізіп жүрдім. Менің байқағаным көп оқитын, ізденетін, жұмысбасты қыздар, шет елдерде оқитындар көбіне қарапайым киінеді. Көп оқитындар киіммен емес біліммен жарысады-ау.

    Бір күні жарқыратып қазақша киініп ұзатылатын қыздың бөлмесіне барып "неге киінбей отырсыз" дедім. Ол "мен дайынмын, міне осы көйлегім" деді. Тізеден келетін қарапайым-ақ көйлек. Ешқандай әшекей тастарсыз. "Ойбай тұра тұрыңыз" дедім де жолға киіп шыққан қарапайым ақ көйлегімді киіп қызды ортаға алып шықтым. Соңғы уақытта киімде тұрған ештеңе жоқ. Бастысы бақытты болсын деп жеңіл қарайтын болдым. Өзім бірақ әдемі киінгенді жақсы көрем", - деп жазды ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.