jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Мадина Сәдуақасова Дубайда ұнатқан көйлегін алу үшін көлігін сатып жібергенін айтты

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Видеодан кадр: "Жарқын жүздесу" бағдарламасы

    Әнші Мадина Сәдуақасова бір кездері Дубайда өзіне ұнаған көйлекті алу үшін көлігін сатқан. Өнер иесі "Жарқын жүздесу" бағдарламасында басынан өткен қызықты оқиғасын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, оқиға Дубайда болған.

    "Көйлек алу үшін көлігін сатқан адамды көрдіңіздер ме? Сол адам - менмін. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір көйлекті қатты ұнаттым. Мүмкін 2005 жыл шығар. Сол сәтте қаржы болмады. Сөйтіп өзімдегі Mercedes маркалы көлігімді саттым. Көлігімді бір жігіт сатып алғысы келіп жүрген. Соған хабарласып, "Көлігімді аласың ба? Онда ақшаны әкеліп бер" дедім.

    Ақшаны Дубайда құрбыларыма аударып, көйлекті алдырттым. Ұшақпен жіберді", - деді Мадина Сәдуақасова.

    Сонымен қатар Мадина Сәдуақасова өзіне көйлек дайындаудың қиын екенін айтты.

    "Көйлекті қиналып тігеміз. Көйлекті тігу тез. Бірақ дизайны мен көйлектің қалай дайындалуын ұзақ ойланамыз", - деді әнші.

    Еске сала кетейік, жақында әнші отбасымен Таиландқа демалысқа барған болатын.

    Мадина Сәдуақасова Дубайда ұнатқан көйлегін алу үшін көлігін сатып жібергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.