jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Әбден тоздырып кидім": Мақпал Жүнісова әлем аралаған тарихи образын көрсетті (фото)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

    Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова әлем аралаған кездерін еске алып, сахнаға киген тарихи көйлегі туралы айтты. Өнер иесі аталмыш образдың өмірінде алар орны ерекше болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова бұл сахналық образы көптеген әлем елдерінде болғанын айтты. Әнші бұл көйлегін Шри-Ланка, Марокко және Үндістанға да киіп барған.

    "Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те "Гүлдер" ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, "Мұрагер" ансамблі, мен және "Гүлдер" ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын.

    Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы "Медеу" айдынында "Алтын Алма" фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген", - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

    "Әбден тоздырып кидім": Мақпал Жүнісова әлем аралаған тарихи образын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.