Қазақстандық жас өнерпаздардың биі Дженнифер Лопестің назарына ілікті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алдағы тамызда Астанада концерт беруді жоспарлап отырған америкалық актриса әрі әнші, әлем жұлдызы Дженнифер Лопес қазақстандық жас өнерпаздардың билеген сәтінен видеоны Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астаналық DREAM WAY студиясының жас бишілері Лопестің әндерінен нағыз шоу жасады. Олар Астанадағы "Бәйтерек" монументінің маңында хореография өнеріндегі кәсіби шеберлігін паш етті.
"Джей Ло, Астана сені күтеді", - делінген видео сипаттамасында.
Тамыз айында Қазақстанда концерт бергелі отырған америкалық әнші видеоны Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті. Әнші видеоға "JLo live in 2025" хэштегін жазып қойған. Айта кетейік, әлем жұлдызының Instagram желісінде 248 млн оқырманы бар.
"Мен таң қалып отырмын! Бәйтеректі Джей Лоның парақшасынан көріп тұрмыз ғой!", "Қыздар, ғажапсыңдар!", "Джей Лоның cторисін ашып, біздің Бәйтеректі көрдік", "Джей Ломен бірге билесе керемет болар еді", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2235878-qazaqstandyq-zhas-onerpazdardyng-bii-dzhennifer-lopesting-nazaryna-ilikti/