Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны қашан көрсетілетінін айтып, желіде ерекше челлендж жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген желіде жанкүйерлеріне жаңа бейнебаяны қашан шығатынын айтып, челлендж жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жаңа бейнебаяны туралы хабармен тыңдарманын қуантты.
"Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" - деді әнші.
Челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде "tauishindechallenge" хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау керек, деп түсіндірді әнші.
Өнерпаз челлендждің қорытындысын 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде шығаратынын атап өтті.
"Жүлде - жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", - деп жазды Димаш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2243046-dimash-qudaibergen-zhanga-beinebaiany-qashan-korsetiletinin-aityp-zhelide-erekshe-chellendzh-zhariialady/