jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Батырларға тағзым": Жетінші арна Жеңіс күніне арналған арнайы жобаны іске қосты

    Жетінші арна
    Жетінші арна. Фото: Жетінші арнаның баспасөз қызметі

    Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Жетінші арна ардагерлерге деген құрмет пен алғыстың белгісі ретінде "Батырларға тағзым" атты кең ауқымды жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.

    8 және 9 мамыр күндері арна эфирінде күні бойы соғыс ардагерлерінің фотосуреттері көрсетіледі. Жоба үздіксіз эфирде жүзеге асады — әсресе ең жоғары рейтингті бағдарламалар кезінде батырлардың бейнесі экраннан түспейді. Осылайша жобаны кең аудиторияға, соның ішінде жас ұрпаққа жету көзделген.

    Аталған күндері арна экранның төменгі тұсында көрсетілетін жарнамалық және промо-графиканы мүлде көрсетпейді — эфирлік кеңістік ардагерлерге арналмақ.

    "Әрбір экранда көрсетілген келбет — бейбітшіліктің қандай маңызды құндылық екенін еске салады", — деп атап өтті Жетінші арнаның баспасөз қызметі.

    "Батырларға тағзым" жобасы — бұл тек құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар соғыссыз әлемнің естелік пен алғыс арқылы басталатынын еске салу.

    "Батырларға тағзым": Жетінші арна Жеңіс күніне арналған арнайы жобаны іске қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.