jitsu gif
Шоубиз

    "Мені қолдаған барша жанашырымның арқасы": Әлішер Каримов президенттің қолынан алған марапаты туралы айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Әлішер Каримов
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Әлішер Каримов. Фото: instagram.com/alisher_k

    Әнші Әлішер Каримов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алған марапаты туралы айтып, тыңдармандарына шексіз алғысын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызы кеше өзі үшін тарихи күн болғанын атап өтті.

    "Маған "Қазақстанның халық әртісі атағы берілді! Осы жоғары марапатты президентіміздің қолынан алу мен үшін үлкен мәртебе.

    Бұл марапат, мені қолдаған барша тыңдарманымның және жанашырымның арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!" - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

    Өз кезегінде желі қолданушылары әнші құттықтап, жылы лебізін қалдырған. Олардың арасында әншінің өнердегі әріптестері де бар.

    Айта кетейік, 20 мамырда президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.