jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білемін": Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Әнші Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды, деп хабарлайды DimashNews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында "Мейкин Азия" IV халықаралық музыка фестивалінің ғаламат финалы өткен.

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор Димаш Құдайбергенге "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағы берілген.

    Димаш Құдайбергенге марапатты табыстау сәті.
    Димаш Құдайбергенге марапатты табыстау сәті. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстаған.

    Димаш Құдайберген мұны қазақ пен қырғыз халқының үлкен достығының символы, қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білетінін жеткізіп, алғысын айтты.

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Димаш Құдайберген кішкентай фанаттары
    Димаш Құдайберген кішкентай фанаттары. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    Димаш Құдайбергеннің фанаттары
    Димаш Құдайбергеннің фанаттары. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    "Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білемін": Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.