jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бір аптаның ішінде 400 млн теңге: отандық фильм қазақстандық кинопрокатта көш бастады

    Упаковка с попкорном стоит на подлокотнике сиденья в кинотеатре
    Кинотеатр. Иллюстративное фото: pexels.com

    Жақында жарыққа шыққан отандық QAITADAN фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, биыл 4 қыркүйектен бастап режиссер Думан Еркімбектің QAITADAN фильмі прокатқа шыққан.

    "Картина бір аптаның ішінде 400 млн теңге қаражат жинап, отандық бокс-офисте көш бастап тұр", - делінген министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

    Туындыда ұрпақ сабақтастығы, өткеннің қателіктері және жаңа жол іздеу секілді терең философиялық тақырыптар қозғалады. Басты кейіпкер Рауан уақыт тұзағына түсіп, өмірін түбегейлі өзгерткен апаттың куәсі болады.

    "Көрермен фильмнің көркемдік сапасы мен техникалық деңгейін жоғары бағалауда. Фильмдегі ең әсерлі көріністердің бірі – бөгеттің жарылуы. Бұл сахналар тек компьютерлік графикамен ғана емес, нақты түсірілімдер мен арнайы эффектілер арқылы жүзеге асқан", - делінген хабарламада.

    Бір аптаның ішінде 400 млн теңге: отандық фильм қазақстандық кинопрокатта көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.