jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "О, тоба": Мақпал Жүнісова түнгі клубта өзіне пародия жасаған әйелдің образына таң болды (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram / zhunusova.makpal

    Қазақ эстрада әншісі Мақпал Жүнісова түнгі клубта өзіне пародия жасаған әйелдің видеосын желі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, бұл жайт Республика күнінде болғанын нақтылады.

    "Кеше түнде Республика күні құтты болсын деп Алматының бір түнгі клубында мен болып құттықтапты. О, тоба, бастағы шашты айтсаңызшы", - деп жазды әнші видео сипаттамасында.

    Видеоны көрген желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған әйелге де, әншінің өзіне де мақтауларын жаудырды.

    "Жастар тыңдап жатыр, билеп, керемет! Образ – от", "Бөрік, үкі керек емес дейсіз ғой", "Жаныңыздағы Жеңіс Ысқақова ма?", "Болмасаң да, ұқсап бақ" деген осы. Бірақ тәуір айтып тұр", "Шаш кімдікі болса, оныкі болсын, ән сіздікі, оған билеп жатқан қазақтың жастары болғаны қуантады", "Жастар сізді және Әсет Бейсеуов ағамыздың әнін білгені қуантады. Осы әнді қанша адам айтуға тырысады, бірақ тура сіздей орындайтын ешкім жоқ", - деп жазды пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, бұған дейін Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің видеосы мен фотоларын жария етіп, марқұм күйеуіне желі парақшасында жазба арнаған еді.

    "О, тоба": Мақпал Жүнісова түнгі клубта өзіне пародия жасаған әйелдің образына таң болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.