Араға жылдар салып сахнаға қайта шыққан Қайрат Түнтеков көрермендерді қуантты (видео)
Опубликовано:
Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков араға жылдар салып жанкүйерлерімен қауышты. Ол "Қызық премия - 2026" мерекелік концертінде сахнаға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков жыл сайынғы "Қызық премия" мерекелік концертінде ел алдына шықты. Концерт кезінде оған "Сағыныш" номинациясы бойынша арнайы мүсінше табысталды.
Түнтеков көрермендерді "У меня ноль" әнімен таңғалдырды. Ол желіде танымал болып кеткен бұл әнді республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің хорының сүйемелдеуімен орындаған.
Оның орындауынан кейін ән желіде мемге айналып үлгерген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2328915-araga-zhyldar-salyp-sahnaga-qaita-shyqqan-qairat-tuntekov-korermenderdi-quantty-video/