jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қазақтың бұлбұлы": 96 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән салып, тыңдармандарымен қауышты (видео)

    Бибігүл Төлегенова
    Бибігүл Төлегенова мен Толқын Забирова. Кадр видеодан: Қазақстан телеарнасы

    96 жасқа келген КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова сахнада ән салды, деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бір ғасырға жуық ғұмыры бар Бибігүл Төлегенова шәкірті Толқын Забированың концертінде ән салған. Оны Забирова сахнаға қоларбамен алып шықты.

    96 жастағы біртуар әнші Бибігүл Ахметқызы Толқын Забироваға тілегін білдіріп, жиналған халыққа алғыс білдірді. Сонымен бірге ол көз жасына көз алып, жүрекжарды тілегін айтты.

    "Рахмет, халқым! Бәріңе мың да бір рахмет! Барлықтарыңды сүйемін. Бақытты болыңдар. Бүгін сондай қуанышты күн! Мен сияқты 96-ға жеткенше халықтың алдында бақытты болып жүре бер. Толқыным менің өте бақытты, ұқыпты, абыройлы адам. Мен қазір ән де айтпаймын, қартайдым. Қанша жасқа келсем де "қазақтың әнші бұлбұл қызы" деген сөздің өзі мен үшін бақыт", -деді ол.

    "Қазақтың бұлбұлы": 96 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән салып, тыңдармандарымен қауышты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.