"Көшеге Гарик Харламовтың есімін беру": ресейлік әзілкеш қазақстандықтарға алғыс білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Ресейлік танымал әзілкеш Гарик Харламов Қазақстандағы көшелердің біріне оның есімі берілгені туралы интернеттегі әзіл-оспақ бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ptk.kz Instagram аккаунтында Қазақстан көшелерінің біріне ресейлік әзілкеш Гарик Харламовтың есімі берілуі туралы видео жарияланды. Айта кетсек, бұл аккаунтта жалған телеарна атынан әзіл-оспақ видеолар жарияланады.
Харламов туралы видео интернетте қызу талқыланып, көптеген адам жазбаға оның аккаунтын белгілей бастаған. Бейнежазбада Харламов қазақ өсімдіктерін жегені, соның арқасында ол 51 пайызға қазақ бола түскені сөз етіледі.
Гарик Харламов бұл видеоны Instagram парақшасында бөлісіп, Қазақстан тұрғындарына алғыс білдірді.
"Рақмет, қуаныштымын, бірақ мен ештеңе тұтынған жоқпын! Мен мұндай жомарт марапатқа лайық емеспін деп ойлаймын. Көшеге Астана командасының есімін берген дұрыс! Ішек-сілем қатты, рақмет, қазақтар!" - деп жазды Харламов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гарик Харламов қазылар алқасында болған "Звезды" шоуының финалында қазақстандық "Астана" командасы Иван Абрамовтың командасымен тең түсіп, 22 ұпай жинаған болатын. Жеңімпазды әнші Филипп Киркоров анықтады, ол Абрамовтың командасына 6 ұпай, ал Астанаға 3 ұпай берді.
Осыдан кейін қазақстандықтар Киркоровқа наразылық білдіріп, тіпті оның елге кіруіне тыйым салуды ұсынды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2329882-koshege-garik-harlamovtyng-esimin-beru-reseilik-azilkesh-qazaqstandyqtarga-algys-bildirdi/