jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты (фото)

    Уилл Смит пен Дастан Мұхамедрахым
    Уилл Смит пен Дастан Мұхамедрахым. Фото: instagram.com/bydastann

    Қазақстандық саяхатшы, блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын кигізді, деп жазады "Қазақпарат".

    Әлеуметтік желілерде @bydastann деген атпен танымал блогер киножұлдызбен Дубайдағы іс-шарада кездескен. Дастан Instagram ұйымдастырған, әлемге әйгілі блогерлер мен қоғам қайраткерлерінің басын қосқан іс-шараға шақырылды. Дәл сол жерде оған бір келеді, сөйтіп күтпеген жерден актерге шапан сыйлады.

    Әртіс өнер көрсетер алдында блогер шапанын дайындап, оны жұлдызға сыйламақшы болады. Ол Уилл Смит сахнаға шығар алдында Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарына жоспарын айтты.

    "Уилл Смит қазір бес минуттан кейін шығады. Мен алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын және оны оған кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер", - деді Дастан іс-шара алдында.

    Актер өнер көрсеткеннен кейін блогер сахнаға шығып, Уилл Смиттің үстіне шапан жауып үлгерген. Ол іс-шара өткен соң пікір білдірді.

    "Ол біздің шапанымызды киіп жүр", - деді Дастан.

    Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.