jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді (фото)

    Түсірілімнен кадр
    Түсірілімнен кадр. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі "Менің кішкентай бойдақ жігітім" телешоуының түсірілім алаңына айналды, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда миллиондаған көрермені бар бағдарлама апта сайын эфирге шығады.

    Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысқан. Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілген.

    Түсірілімнен кадр
    Түсірілімнен кадр. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыға арналған шығарылым 2026 жылғы ақпанның басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланған.

    Түсірілімнен кадр
    Түсірілімнен кадр. Фото: Алматы әкімдігі

    "Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер сыйлайды", - деді жобаның режиссер-операторы.

    Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.