jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды
    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды. Фото: "Хабар" Агенттігі

    Астана төрінде қазақстандық және шетелдік қымыз өндірушілер бас қосқан "BaiQymyz–2026" гастрофестивалі қымыз бен жылқы мәдениетін, қазақтың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын ұлықтаған үлкен мерекеге айналды, деп хабарлайды "Хабар" Агенттігі.

    Даланың дәмі дәріптелген думанға "Хабар" Агенттігі ақпараттық серіктес ретінде қолдау көрсетті.

    Қымыз сусынын ұлттық бренд деңгейіне көтеруді мақсат еткен бұл этно-мәдени шарада "Хабар" Агенттігі қазақ жеңгелерін дәріптеу мақсатындағы арнайы бағдарлама ұсынды. Фестиваль алаңында көрерменнің қызығушылығын арттыратын түрлі интерактивті ойындар ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шыққан ерекше жобалардың бірі – "Жекпе-жек айтыс" өтті.

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды
    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды. Фото: "Хабар" Агенттігі

    Белгілі айтыскерлер Нұртілеу Төленбек пен Айым Асылбекқызы ақ жеңге мен қайнысы болып айтыстың көрігін қыздырды. Шымшыма сөз, әзіл мен қалжың қатар өрбіген айтыста қазақ қоғамында орны ерекше, әр шаңырақтың берекесіне айналған аяулы да ардақты жеңгелердің образын, қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері көтерілді.

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды
    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды. Фото: "Хабар" Агенттігі

    "Жақсы жеңгең - жарты анаң" деген асыл ұғымды ұран еткен ақындар әулеттің бірілігін ойлап, ағайынның арасын жалғайтын алтын көпір асыл жеңгелердің рухын асқақтата білді. Әзіл мен астар, өнеге мен ұлттық таным қатар өрілген айтыс көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды
    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды. Фото: "Хабар" Агенттігі

    Фестиваль аясында "Хабар" арнасының алдағы күзгі телевизиялық маусымында эфирге шығатын "Ақ жеңге" телехикаясының таныстырылымы да өтті. Қазақы тәрбиені, отбасы құндылықтарын, жеңгенің қамқорлығымен өсіп-өркендеген әулеттердің жиынтық образы – дәл осы "Ақ жеңге" телесериалына арқау болып отыр.

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды
    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды. Фото: "Хабар" Агенттігі

    "Хабар" Агенттігі өткізген іс-шара фестивальдің мазмұнын байытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеуге өз үлесін қосты. Ұлттық рух пен заманауи медианы тоғыстырған бұл серіктестік – қазақтың қазынасын дәріптеудің жарқын үлгісі болды.

    "BaiQymyz–2026" гастрофестивалі туралы арнайы репортаж дүйсенбі 13 шілде күні сағат 15:45-те "Хабар" телеарнасынан көрсетілетін болады.

    Әрқашан Хабарда болайық!

    "Хабар" қазақтың иісі аңқыған думанның төрінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.