Қазақтың ұлттық киімін киген Ерке Есмахан желі қолданушыларын тәнті етті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әнші Ерке Есмахан қандай киімді ең әдемі деп санайтынын айтты. Оның ұлттық киім киіп түскен фотосы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында ұлттық стильде тігілген камзолы мен көйлегін киіп түскен суреттерін жариялады. Әнші "Бақытты қыз" әніне түсірілген бейнебаянында дәл осылай киінген.
Бұл ән оның "Дауыс" атты жаңа альбомына енді. Киімді отандық дизайнер Медина Сақтағанова тіккен.
"Қаным қазақ, жаным қазақ, өзім қазақ қызы болған соң ба, қазақтың ұлттық киімі мен үшін – ең әдемі, ең мағыналы киім. Осындай қазақ ұлттық киімін кигенде өзімді ерекше сезінемін", - деді Ерке.
" Керемет! Қазақ қыздарының барлығы бақытты болуға лайықты", "Қандай нәзік, сұлусыз"», - деп жазды әншінің оқырманы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2408588-qazaqtyng-ulttyq-kiimin-kigen-erke-esmahan-zheli-qoldanushylaryn-tanti-etti/
