БАҚ-та EBU Қазақстанның "Евровидениеге" қатысуына рұқсат бермеді деген ақпарат тарады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Politico басылымы Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) Қазақстанның "Евровидение-2027" байқауына қатысу туралы өтінішін қабылдамағанын хабарлады. "Хабар" Агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Politico басылымы Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) "Хабар" Агенттігін толыққанды мүшелікке қою талаптарына сай емес деп танығанын жазды. Басылым мәліметінше, Қазақстан Еуропалық хабар тарату аймағына кірмейді. Сондай-ақ еліміз Еуропа Кеңесінің мүшесі емес және ұйымда ресми бақылаушы мәртебесіне ие емес.
Десе де Қазақстан балалар арасындағы "Евровидение" байқауына бес рет қатысты. 2018-2022 жылдар аралығында өткен байқауда еліміз екі рет екінші орын алды.
"Бірақ қауымдастырылған мүшелік ересектер байқауына қатысуға автоматты түрде құқық бермейді", - деп жазады Politico.
Бұл ретте басқа бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның "Евровидение-2027" байқауына қатысуға өтініш бермегенін жазуда. Бұл туралы "Хабар" Агенттігі "РИА Новостиге" берген жауабында БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығара отырып, хабарлады.
"Хабар" Агенттігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған Қазақстанның "Евровидение-2027" халықаралық ән байқауына қатысуға өтініш бергені туралы қауесетті ресми түрде жоққа шығарады. Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
Компания өкілдері байқауға қатысу туралы келіссөздер жүргізілмегенін атап өтті. Сондай-ақ "Евровидение-2027" байқауына қатысатын әншіні іріктеу жоспарда жоқ.
NUR.KZ тілшісі "Хабар" мемлекеттік телерадиокомпаниясына Қазақстанның "Евровидение-2027" байқауына қатысу мүмкіндігіне қатысты жағдайға түсініктеме беру туралы сауал жолдады.
Наурызда "Евровидение" ұйымдастырушылары ән байқауының алғаш рет Азия елдері үшін өткізілетінін хабарлаған болатын. Байқау Таиландта өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2426322-baq-ta-ebu-qazaqstannyng-evrovideniege-qatysuyna-ruqsat-bermedi-degen-aqparat-tarady/
