jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Шашын қиып, ерекше образда шыққан Зендея "Эмми" іс-шарасында көптің назарына ілікті

    Зендея
    Зендея. Фото: Gilbert Flores/Variety via Getty Images

    Variety басылымының жазуынша, америкалық актриса қызыл кілемде текстуралық қысқа шаш үлгісін таңдап, имиджін батыл өзгерту арқылы жанкүйерлерін таңғалдырды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

    Америкалық актриса әрі стиль иконасы Зендея Лос-Анджелестегі Peacock театрында өткен 78-"Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімінің қызыл кілеміндегі басты жұлдыздардың бірі болды. 30 жастағы әртіс имиджін түбегейлі өзгертіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды: ол бұрынғы ұзын бұйра шашының орнына табиғи текстурасы бар, бұйраланған әрі ультра қысқа пикси шаш үлгісін таңдады.

    Жұлдыздың бьюти-образын жасаушы — шаш стилисі Кори Морено. Ол ghd маркалы кәсіби құралдарды, соның ішінде Speed фені мен Sculpt түзулегішін пайдаланып, қысқа шашқа көлем беріп, жеңіл әрі еркін стиль жасады. Визажистер актрисаның табиғи сұлулығын айқындау үшін қастың сызығын анық етіп, кірпігі мен көзіне баса назар аудара отырып, бояды, сондай-ақ қола-қызғылт реңктегі еңлік пен бейтарап нюд түсті далапты қолданды.

    Батыл шаш үлгісін жапониялық Mikimoto брендінің інжу мен гауһар тастардан жасалған талғампаз әшекейлері, сондай-ақ Prada сән үйінің мөлдір тюль элементтері мен бел тұсындағы жарқыраған кристалдар каскады бар арнайы тігілген күміс түсті көйлегі толықтырды. Зендея іс-шараға "Эйфория" драмалық сериалындағы үздік әйел рөлі үшін сыйлыққа үміткер ретінде келді. Актрисаның бұл образы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, сұлулық индустриясының сарапшылары оның қысқа шаш үлгісін күзгі маусымның басты трендтерінің бірі деп атады.

    Шашын қиып, ерекше образда шыққан Зендея "Эмми" іс-шарасында көптің назарына ілікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram