jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мақпал Исабекова жаңа фотосессия жасап, желідегі оқырманын тәнті етті

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

    Хит әндердің орындаушысы, қазақстандық әнші Мақпал Исабекова жаңа фотосессияға түскен. Ол жаңа фотоларды желіге жүктеп, жанкүйерін таңғалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен жаңа фотолар оқырманын бей-жай қалдырмады. Әнші онда биік өкшелі туфлимен және жылтыр, қысқа көйлекпен түскен.

    "Жұмсақтық бұл – күш", - деп жазды ол фотолардың сипаттамасына.

    Оқырманы Мақпалдың жаңа образын бағалап пікір қалдырған. Олар әншіге мақтау сөздерін аямады.

    "Сұлу", "Гүлденіп кетіпсіз", "Қандай керемет әйел, махаббатым", "Керемет, патшайым", "Мақпал тіпті сұлулана түскен", "Әдемі әрі талантты қыз", "Қуыршақ", - деп жазған пікірде жанкүйері.

    Мақпал Исабекова жаңа фотосессия жасап, желідегі оқырманын тәнті етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram