jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Дәулет Тұрлыхановтың анасы Марзия Айтбайқызы қайтыс болды

    : Instagram

    Қазақ халқының даңқты балуаны, әлем чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың анасы Марзия Айтбайқызы өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/daulet_bolatuly_turlykhanov
    Фото: Instagram/daulet_bolatuly_turlykhanov: Instagram

    Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазының қазасы туралы Дәулет Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Анамыз Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызы 80 жасқа шыққан шағында 15 маусымда дүниеден өтті", - деді ол.

    Тұрлыхановтың айтуынша, қоштасу-жерлеу рəсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласындағы Достық спорт сарайында өтеді.

    Әнші Абай Бегей Тұрлыхановтар әулетіне көңіл айтып, желідегі парақшасында жазба қалдырды.

    "Иманы жолдасы болып, мейрімді Алла панасына алған болсын", - деді ол.

    Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қаралы хабарды естігенде жүрегі қатты ауырғанын айтты.

    "Әр көріскен сайын құшағын кең ашып, бауырына басып, жылы қарсы алатын анамыздың дүниеден өткені баршамыздың қабырғымызды қайыстырды. Анамыздың жүргінің кеңдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз анамыздың шәкірттері бақытты! Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі үшін аянбай еңбек еткен Марзия анамыздың жаны жәнәтта болсын! Қайғырып көңіл айтамыз", - деді ол.

    Белгілі ақын, әншілерге сөз жазып жүрген Құрманай Бақтиярқызы өмірден өткен Марзия анамызға өлең жолдарын арнады.

    Сазгер Арман Дүйсенов Марзия Айтбайқызының жақсы қасиеттеріне тоқталып өтіп, Тұрлыхановтар әулетіне қайғырып көңіл айтты.

    "Айналайын апатайым ай. Қазақтың бар баласын өз балаңдай көріп еркелетуші едің. Жүзіңнен нұр шуағы төгіліп жадырап жүруші едің. Қайтейін. Жазмыштан озмыш жоқ. Бақұл бол апа. Жатқан жерің жайлы болсын. Жасағаным алдыңнан жарылқасын", - деді ол.
    Дәулет Тұрлыхановтың анасы Марзия Айтбайқызы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.