jitsu gif
Шоубиз

    Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов қайтыс болды

    Рауан Шаханов
    Рауан Шаханов: Facebook

    Қазақстанның танымал қаламгері, ақын әрі ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қаралы хабарды әдебиеттанушы Еркінбек Серікбай Facebook парақшасында хабарлады.

    "Шаханов Рауан Мұхтарұлы ағамның да дәм тұзы таусылыпты. Ұлт ақыны Мұхтар Шаханұлына және педагог-ғалым Розалинда Әшірбайқызына қайғырып көңіл айтамын. Перзенттеріңіздің Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыздар!", - деп жазды әдебиеттанушы.

    Еркінбек Серікбайдың хабарлауынша, марқұммен қоштасу 19 қыркүйек күні өтеді. Рауан Шахановтың неден қайтыс болғаны айтылмады.

    Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.