jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Ота жасайды": актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түсті (фото)

    Жұлдызай Дүйсенбиева
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: "Ең алғашқы" бағдарламасы

    Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түскенін мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында өзіне ота жасалатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр актриса қалың көпшілікке жан сырын ақтарып, өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтқан болатын.

    Актрисаның сөзінше, аталмыш дерттің емі жоқ. Ол тіпті сырқаты салдарынан ұшаққа отырмауға тырысады.

    "Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деді актриса.

    Сонымен қатар Жұлдызай Дүйсенбиева жақында өнер иесі денсаулығына байланысты көп түсірілімнен бас тартқанын айтқан болатын.

    Жұлдызай Дүйсенбиева сторис
    Жұлдызай Дүйсенбиева сторис. Скриншот: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

    "Ота жасайды": актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.