jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік танымал актриса Вера Молчанова көз жұмды

    Вера Молчанова
    Вера Молчанова. Фото: napokrovke.ru

    26 қаңтарда 82 жасқа қараған шағында ресейлік театр және кино актрисасы Вера Молчанова қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "На Покровке" театрының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Оның сүйкімді, мейірімді және өте сенімді кейіпкерлері әріптестері мен театр жанкүйерлерінің мәңгі есінде қалады", - делінген хабарламада.

    Молчанова "На Покровке" театрында 1991 жылдан бастап қызмет еткен. Марқұмды қашан ақтық сапарға шығарып салатыны хабарланған жоқ.

    РБК мәліметінше, Вера Молчанова 1943 жылы 25 қаңтарда Болохово қаласында өмірге келген. 1962 жылы ол Станиславский атындағы Мәскеу драма театрына қабылданды. 1970 жылы Молчанова "Воспитанница" фильм-спектаклінде басты рөлді сомдады.

    Актриса "След", "Конец света", "Закрытая школа" сериалдарына түскен. "На Покровке" театрында Молчанова "Горе от ума", "Вечно живые", "Браво, Чехов!" сынды спектаклдерде ойнаған.

    Ресейлік танымал актриса Вера Молчанова көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.