jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Ерке сылқым" күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

    Әбдімомын Желдібаев
    Әбдімомын Желдібаев. Фото: qazaqstan.tv

    Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет жеткізді.

    Жанғазы Ахметтің Facebook парақшасында жазуынша, облыс әкімі Әбдімомын Желдібаев отбасына көңіл айтқан.

    "Белгілі күйші-композитор, бірегей тұлға, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әбдімомын Желдібаев ағамыздың қазасын күйзеліспен қабылдадым. Ардақты ағамыздың отбасына, барша жақындарына көңіл айтамын.

    Абыз ағамыздың шаңырағында болып, ақ батасын алған едік. Сол кезде тұлғаның биік парасат-пайымы, айрықша болмысымен жақынырақ танысудың сәті түскен болатын", - делінген жазбада.

    Айта кетейік, күйші-композитордың "Ерке сылқым", "Көкшолақ", "Жамбыл баба жыр толғайды", "Тұран елі", "Төле би толғауы", "Сұңқар сезім", "Жетісу сазы", "Бозжігіт", "Әулиеата" және тағы басқа күйлердің авторы.

    "Ерке сылқым" күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.