jitsu gif
Шоубиз

    Ален Делон өмірден өтті

    Ален Делон
    Ален Делон. Фото: J. Cuinieres/Roger Viollet via Getty Images

    Жексенбі, 18 тамызда атақты француз актері Ален Делон дүниеден өтті. Ол 88 жаста еді. Актердің өлімі туралы француз ақпарат құралдары мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айта кетейік, 2019 жылы Ален Делон қос инсульт алып, отадан кейін Швейцарияға көшті. Өмірінің соңғы жылдарында актер Альцгеймер ауруымен ауырды.

    Қаңтарда Ален Делонның әрекет қабілеттілігі шектеулі екені белгілі болды. 88 жастағы әртіс өзінің жылжымайтын мүлкіне билік ету құқығынан айырылды.

    Ален Делон өткен ғасырдың 60-80-ыншы жылдардағы театр және кино актері, сонымен қатар режиссер, продюсер және сценарист.

    Ол " "Рокко и его братья", "На ярком солнце", "Самурай", "Двое в городе" фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында үлкен атаққа ие болды. Делон "Наша история" фильмі үшін "Сезар" сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті иегері атанды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.