jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қош бол, замандас": Мақпал Жүнісова мезгілсіз өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнап, жылы естелігін бөлісті. Әнші өнердегі әріптесінің өлімін ауыр қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялап, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваны еске алды. Өнер иесі жас кезінде Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрғанын айтты.

    Мақпал Жүнісова Гүлнәр Сиқымбаева аса қарапайым әрі адами қасиеті мол жан ретінде сипаттады.

    "Әріптесім Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге "Гүлдер" ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен "Гүлдер" ансамблінен кетіп, Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық. Бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнәр замандас. Байыр балаң, немерелер ғұмырлы болсын, жақыдарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош бол, замандас", - деп жазды ол.

    "Қош бол, замандас": Мақпал Жүнісова мезгілсіз өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.