Шоубиз

Зектілері

"Екі аяғым екі жаққа кетіп құладым": Дариға Бадықова Стамбулда оқыс оқиғаға тап болды (видео)

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова Түркияда оқыс оқиғаға тап болды. Өнер иесі кемеде түсірілім кезінде құлап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова басынан өткен оқыс оқиға туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Актриса кемеде құлап, аяғын көгертіп алған. Ол оқырмандарына оқыс оқиғадан кейін түсірілген видеоны көрсетті.

"Катердан екі аяғым екі жаққа кетіп, құладым. Шпагат болды. Аяқ көкала қой болды. Жұрт үйлендіріп, өсек айтып жатса, біз құлап, саундтрек түсіріп жүрміз. Ютубтан клипты көріңіздер! Ол жерде бәрі әдемі болып тұр", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары оқыс оқиғадан кейінгі Бадықованың әрекетін қызу талқылады. Кейбір оқырмандар күлкісін тыя алмаған кино жұлдызын сынға алған.

"Не деген ерсі күлкі?!", "Шынайы күлетініңіз ұнайды", “Елдің алдында жүрген соң бұлай күлуге болмас", "Аяғын оңбай жарақаттап алды-ау", "Осы кісінің күлкісі бір қызық", "Аяғын ауыртқан адам осылай күле ме екен", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2176887-eki-aiagym-eki-zhaqqa-ketip-quladym-dariga-badyqova-stambulda-oqys-oqigaga-tap-boldy-video/