"Анашым раббысына қайтты": Құрманай Бақтиярқызының баласы желіде әсерлі жазба жариялады
Жарияланған күні:

Отандық танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Өнер иесінің баласы қаралы хабар тараған соң желіде әсерлі жазба жариялап, елді жылатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Құрманай Бақтиярқызының перзенті оның Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырған. Ол көңіл айтып, анасына деген махаббатын жеткізіп жатқан халыққа алғысын айтты.
"Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет", - деп жазды сазгердің баласы.
Айта кетейік, бүгін Құрманай Бақтиярқызының өмірден өткені белгілі болды. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп, жеті мәрте от жасатқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2179533-anashym-rabbysyna-qaitty-qurmanai-baqtiriaqyzynyng-balasy-zhelide-aserli-zhazba-zhariialady/