jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Өмірім үш секундта өзгеріп кетті": Ернар Айдар басынан өткен қиын жағдайды еске алды

    Ернар Айдар
    Ернар Айдар. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

    Отандық танымал әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен оқиғаны еске алып, сол жағдайдан кейін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Өнер иесі 2017 жылғы жол апатынан кейін өмірі түбегейлі өзгеріп кеткенін жеткізді. Әнші алдымен ауруханада, кейін үйінде 2-3 ай жатқан. Ол бұл жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгеріп, отбасын құруға бел буған.

    "Күнім сен сөнбеші" деген әнімнен кейін табылды. Жол апатына түстім. Оған дейін бойдақтық өмір. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүріге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесін" деді.

    Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", - деді Ернар Айдар "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.