jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Үш ай төсекке таңылып жаттым": Айжан Нұрмағамбетова басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    Айжан Нұрмағамбетова
    Айжан Нұрмағамбетова. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Қазақстандық танымал әнші Айжан Нұрмағамюетова өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатын еске алды. Өнер иесі басынан өткен ауыр кезең туралы жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжан Нұрмағамбетова басына түскен қиын сынақ туралы Дина Төлепбергенге берген сұқбатында айтты. Әнші жол апатына түсіп, үш ай бойы төсектен тұра алмай қалған.

    "Жол апатына 40 жасымда түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке таңылып, үш ай жаттым. Одан кейін операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Қазір есептеп отырсам, екі жылдай оңалуға уақыт кетіпті. Тіл-көз де болған шығар. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. "Бақыт" деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен "Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім" деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу – бақыт екен", - деп ағынан жарылды өнер иесі.

    "Үш ай төсекке таңылып жаттым": Айжан Нұрмағамбетова басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.