jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қараған сайын жүрегім ауырады": Мақпал Жүнісова қызды құтқарам деп өмірден озған ағасын еске алды (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Скриншот: Instagram / zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова ағасының 24 жасында қызды құтқарамын деп өмірден озған сәті туралы сөз қозғап, көзіне жас алды. Бұл туралы әншінінің желі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мақпал Жүнісова ағасының Ертіс өзеніне батып кеткенін еске алған сәтінен видеоны Instagram парақшасында жария еткен.

    "Ағамды алып кеткен Ертістің суы. Осы Ертістің суына кетіп қалды ғой. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп 24 жасында кетіп қалды. Осыған қараған сайын жүрегім ауырады", - деп әнші көзіне еріксіз жас алады.

    Желі қолданушылары өнер иесінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, қолдау білдірді.

    "Бұл кәрі Ертіс кімді жұтпады дейсіз. Мүшел жасында кеткен екен. Иманы жолдас болсын", "Орны пейіштен болсын, өте жас кеткен екен", "Бауырдың орны бөлек, жаны жәннатта болсын", — деп жазды пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, бұған дейін Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында марқұм Роза Бағланованың архивтегі видеосын бөліскені туралы жазған едік.

    Одан бөлек өнер иесі өзге әріптестері секілді неге шығармашылығын шетелде дамытпағанын түсіндіргені туралы жазған болатынбыз.

    "Қараған сайын жүрегім ауырады": Мақпал Жүнісова қызды құтқарам деп өмірден озған ағасын еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.