jitsu gif
Шоубиз

    "Комада жатқан": белгілі өзбекстандық әнші 19 жасында көз жұмды

    Ширин Абдуллаева
    Ширин Абдуллаева. Фото: instagram.com/shirin.abdullaevs/#

    15 ақпанда "Өзбекконцерт" және Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комитет әнші Ширин Абдуллаеваның өмірден өткені туралы хабарлады, деп жазады nova24.uz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның хабарлауынша, 19 жастағы әнші қыз біраз уақыт бойы менингиттің салдарынан комада жатқан.

    Бойжеткен BA Holding негізін қалаушысы, кәсіпкер Баходир Абдуллаевтың қызы. 2021 жылы ол ресейлік "Ты - супер!" музыкалық шоуына қатысып, жартылай финалға жеткен. Алдын ала дерек бойынша әнші менингиттен қайтыс болған.

    Айта кету керек, Абдуллаева 2005 жылғы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Жастайынан ән жазып, өзі де ән айтқан. Халықаралық және республикалық байқауларға қатысқан.

    Ол "Лули", "Метро", "Безори" әндерімен көпшілікке танымал.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.