jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық әнші әрі шоумен жол апатынан қаза тапты

    Асқар Дүйсенов
    Асқар Дүйсенов: instagram.com / askar_tamada

    Ақмола облысында жол апатынан көкшетаулық әнші, тамада әрі шоумен Асқар Дүйсенов қаза тапты. Музыканттың достары әлеуметтік желіде көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Әлі де сенер емеспін! Кеше ғана"Әлеке былай істесек қалай болады" деп жүрген інім еді ғой…. Бүгін осындай хабар келді! Алла қасиетті жұма күні, Рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің…. Қош, бауырым!" – деп жазды марқұмның досы Әлібек Серғалиев.

    Музыканттың әріптестері мен жанкүйерлері көңіл айтты.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратқа сәйкес, 28 ақпан күні "Астана-Петропавл" тас жолының 31-километрінде ГАЗель" мен "Фольксваген Поло" көліктері соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.

    Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

    "Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көліктердің техникалық жағдайын қадағалауға шақырады. Жол қауіпсіздігіне әрбір жол қозғалысына қатысушы жауапты", - деп атап өтті ведомствода.

    Қазақстандық әнші әрі шоумен жол апатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.