jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Отандық композитор, танымал хиттердің авторы өмірден озды

    Сержан Бақытжан
    Сазгер Сержан Бақытжан. Фото: instagram.com/bakytzhan_serzhan

    Отандық сазгер, Orda, Ninety One топтарының орындауындағы көптеген әннің авторы Сержан Бақытжанұлы өмірден озды. Қайғылы хабарды композитордың досы, әнші Дастан Оразбеков Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    "Досым, Алла алдыңнан жарылқасын… Бүгінгі қайғылы хабар қабырғамызды қайыстырды.

    Құрметті оқырман, бүгін өмірден менің досым, сырласым, әріптесім, ақылдасатын кеңесшім, өнер жолын бірге кешкен аяулы азамат – Сержан Бақытжанұлы өмірден озды.

    Досым, сенің жазған әндерің сенің есіміңді мәңгілікке қалдырады. Мен бұған кәміл сенемін. Сенің қаламыңнан туған "Орда" тобының әндері, "Қыйлы заман", "Ғашықсың ба?", "Жауап бер", "Тағдыр". "91" тобына арналған шығармаларың, сондай-ақ менің орындауымдағы "Көк аспан" әні – бәрі де халықтың жүрегінен орын алған, ел аузында жүрген туындылар.

    Сенің жомарттығың, кеңдігің, тереңдігің мені әрдайым таңғалдыратын. Сенімен сырласу, пікірлесу мен үшін үлкен бақыт әрі мақтаныш еді. Әр кездесуден кейін көңілім марқайып қайтатын. Өкінішке қарай, енді ондай күндер қайтып келмейді.

    Алла Тағала алдыңнан жарылқап, бұл өмірде көре алмаған қызығың мен жете алмаған армандарыңды артыңда қалған қыздарыңа, бауырларыңа, ата-анаңа нәсіп етсін.

    Сен біздің жүрегімізде мәңгі сақталасың. Жаның жәннатта, иманың жолдас болсын, досым", - деп жазды әнші.

    Отандық композитор, танымал хиттердің авторы өмірден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.