"Қош бол, Гүлсары!" фильмін түсірген белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден озды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері белгілі қазақстандық кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың өмірден озғаны туралы қайғылы хабарды естіртті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет министрлігі белгілі кинорежиссердің қайтыс болуына байланысты Ардақ Әмірқұловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Ұлттық кино өнерін дамытуға саналы ғұмырын арнаған Ардақ Жамансарыұлы қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті", - делінген хабарламада.
Министрлік өкілдері Ардақ Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алғанын атап өтті.
"Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды. Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2408638-qosh-bol-gulsary-filmin-tusirgen-belgili-rezhisser-ardaq-amirqulov-dunieden-ozdy/
