Владимир Пресняковтың Астанадағы концерті өтпейтін болды: оған не себеп
Жарияланған күні:
Читать на русском
Осы жұмада, яғни 13 қарашада Астанада ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концерті жоспарланған. Алайда ол өтпейтін болды. Бұл туралы ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Концерт ұйымдастырушылары көрермендерге маңызды хабарландыру жеткізді. Осы жұмаға жоспарланған әншінің концерті өтпейтін болған.
"Владимир Пресняковтың Астанадағы концерті бұған дейін жоспарланған күні туындаған техникалық жағдайларға байланысты болмайтын болды.
Болашақта бұл оқиғаға қайта оралып, көрермендерімізге әртіспен ұзақ күткен кездесуді ұйымдастырып беруге мүмкіндігіміз болады деп шын жүректен үміттенеміз", - делінген хабарламада.
Олар келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, әртістің жанкүйерлеріне түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар "Странник" және "Стюардесса по имени Жанна" хиттерінің орындаушысының Алматыдағы концерті өз уақытында өтеді деп сендірді. Жоспарланғандай, ол 14 қарашада Республика сарайында болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2454767-vladimir-presniakovtyng-astanadagy-kontserti-otpeitin-boldy-ogan-ne-sebep/