jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АШ
    Арай Шералы
    Бұрынғы қызметкер

    Мақсат Базарбаев 9 жыл перзент сүймеген қиындықты қалай жеңгенін баяндады

    : UGC

    2000 жылдары "Мұзарт" тобының құрамында өнер көрсеткен, бүгінде өз алдына жеке әншіге айналған Мақсат Базарбаев "Той жыры" бағдарламасында тоғыз жыл перзент сүймей қиналған кезеңі жайында баяндап берді.

    Ел алдында енді таныла бастаған жас жігіт Әсел есімді аруға ғашық болып, инабатты қызға үйленуді бірден мақсат еткен. Сүйіктісін алып қашқан әнші жігіт бір жылдан соң ғана келіншегіне ақ көйлек кигізіп, той жасаған.

    Қос ғашықтың үйленуіне кедергілер аз болмады. Талай тосқауылдан өтіп үйленген соң, тағдырдың сынақтары күшейе түскен.

    "Үйленген соң тоғыз жылдай перзент көрмедік.Алланың сынағы болды. Шыдаммен төзіп бердік", - дейді Мақсат Базарбаев сол бір қиын сәтті еске алып.

    Бүгінде үш ұлды тәрбиелеп отырған жұпты ажыратуга ниетті адамдар да табылған.

    "Ол кезде де арамызда түсіп жатқан адамдар болды. Ойбай, сен қыз-қырқынның арасында жүрсің ғой деді. бірақ оның бәрін құлаққа ілмей, өзіміз тыныш өмір сүре бердік", - дейді отағасы.

    Ешқандай сынаққа сынбай, отбасы үшін жанын аямаған жарына Әселдің ризашылығы шексіз.

    "Біздің әке-шешеміз де араласқан жоқ. "Ондай ажырасу деген нәрсені айтушы болма" деп әкем ақылын айтты. Ондай ой менің түсіме де кіріп шыққан жоқ. Өйткені жақсы көріп, бір-бірімізді түсініп барып үйленгеннен кейін жарты жолда бір-бірімізді қиып қалай тастап кетеміз, олай болмайды ғой", - деді әнші әңгімесінде.

    Тоғыз жылдан кейін отбасының көп жылдар бойы аңсаған ұлдары өмірге келді. Атасы Аңсар деп ат қойған ұлдың артынан ізбасар інілері ерді.

    Бүгінде Мақсат Базарбаевтың басты мақсаты - ұлдарына үлгі болу. Жұлдызды отбасы бүгінде Аңсар, Айбар, Аят есімді үш бірдей атқамінердің ата-анасы. Ал әйелінің аяғы ауыр екенін меңзеген әртіс тағы бір қуаныштың ауылы алыс емес айтты.

    Мақсат Базарбаев 9 жыл перзент сүймеген қиындықты қалай жеңгенін баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.