jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ерке Есмахан: Нағыз маxаббат үйленіп қойғаннан соң да кездесіп қалады

    : UGC

    Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырмандарымен махаббат жайлы ойымен бөлісті. Әртісті мұндай ойға "Запаx клубники" телехикаясы жетелеген көрінеді.

    "Екі айға созып, "Запах клубники" сериалын бітірдім. Әдемі маxаббат xикаясы бірінші сюжетінен баурап әкетті... Бірден "өмірде де осындай әдемі маxаббат, тәтті сезім бар ғой" деген оймен отырып көресің", - дейді әнші оқырмандарына.

    Еркенің пікірінше, өмірде ғашықтардың сезімі шынайы болса, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамай, жұп болып өмір сүру бұйырады.

    "Көз көріп жүрген соң, мысал көп! Сондықтан маxаббат өмірде бар! Маxаббат әр жаста, әр түрлі оқиғамен келуі мүмкін. Ащы болса да, шындық, кейбір жандар нағыз маxаббатын үйленіп (күйеуге шығып) қойғаннан соң да кездестіріп қалады", - деп жалғастырды сөзін әнші.

    Алайда нағыз махаббатқа кіршіксіз сенетін Ерке қазір жанып тұрған оттай ыстық маxаббат жоқ деген тоқтамға келген, тіпті әртістің айтуынша, ондай махаббат болса да, сол үшін күресу жоқ.

    "Біз оқыған қисса-дастандардағы сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын ғашықтар сол әдеби шығармалар мен киноларда ғана сияқты... Немесе өмірде тым аз", - деп қынжылды әртіс.

    Түрік xалқының тәрбиесі, биік талғамы, маxаббатқа адалдығы көрініс тапқан телехикаяның ұнағанын айтқан Ерке Есмахан ғаламтор қолданушыларына таза, мөлдір маxаббат тіледі.

    Ерке Есмахан: Нағыз маxаббат үйленіп қойғаннан соң да кездесіп қалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.