jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді

    : UGC

    Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек анасының екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Болған жайтқа қатысты пікірін ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді.

    Айсәуле адамдардың өзіне қатысты айтқан сынын түсінбейтінін айтады.

    "Адамдар мені "ата-анаңның өмірінде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарайсың" деп айыптады. Бірақ, мен түсінбейтінім, сонда мен ел алдына шығып жылауым керек пе? Әлде изолятордың алдына барып, сол жерге суретке түсейін бе? Мен елге ондай нәрселердің барлығын көрсеткен дұрыс емес деп санаймын. Уақыт өтіп, барлығы орнына келеді. Адамдар ерте ме, кеш пе осының барлығын түсінеді деген ойдамын", - деп өз наразылығын жеткізді Айсәуле.

    Сонымен бірге, продюсердің қызы анасының екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты да үндемей қалмады. Бойжеткеннің айтуынша, ол анасының бақытты болғанын қалайды екен.

    "Бұл тамаша емес пе? Мен қуаныштымын. Анамның да, әкемнің де бақытты болғанын қалаймын. Олар бірге бақытты бола ма, әлде бөлек пе - ол маңызды емес", - деді ол.

    Естеріңізге салсақ, жуырда Баян Мақсатқызы алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің үйлену туралы ұсынысын қабылдап, көктемде олар отбасы құру қуанышын атап өтетіндерін жеткізген болатын.

    Тағы оқыңыздар:

    Атақты әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді кездесуге шақырды (фото)

    Денис Тен: Мен бұл жеңісімді әжеме арнаймын - ол менімен мақтанатын еді

    Сұрақтарға мүдірместен жауап берген бүлдіршін желіде жұлдыз болды (видео)

    Жалғызбасты әйелдерге "қызмет" көрсететін жігіттер желіні шулатты

    Еліміздің кейбір аймақтарында жауын-шашын болады

    Дінге бет бұрған танымал әнші өнер жолын тастап кетті

    Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.