jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АК
    Айжан Калиева
    Бұрынғы қызметкер

    Тікелей эфирге хабарласқан көрермен Аша Матайды сынап тастады (видео)

    : UGC

    Еуразия арнасындағы "Қалаулым" бағдарламасының тікелей эфиріне хабарласқан тараздық көрермен Аша Матайдың биін сынап тастады. Көрермен әншінің жұбайы Арман Қоңырдан оған әдемі қимылдауды үйретуін сұрады.

    "Аша ханым, сіздің стиліңізге сөзім жоқ. Бірақ билеуді кішкене үйреніп алыңызшы. Арманды қасыңызға алып алсаңызшы, сол үйретсін сізді", - деп ағынан жарылды тараздық Жәмила Бүркітбаева.

    Тікелей эфирде мұндай сынды күтпеген Аша Матай көрерменнің сынына алғысын білдіріп, алдағы уақытта бұл кемшілігін түзейтінін айтты.

    "Бұл бағдарламадан кейін Арман екеуміз бірге биге барайық. Енді Аша Матай Арманнан би сабағын алып, "Қалаулымда" әдемі би көрсетеді. Кішкентай кезімнен бастап мен әртүрлі би үйірмелеріне барған едім. Мұнда шығып хип-хоп стилінде билеп жатсам, ыңғайсыз болар. Сондықтан басқа бағыттағы билерді үйренейік", - деді Аша Матай.

    Тікелей эфирге хабарласқан көрермен Аша Матайды сынап тастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.